Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдудың Instagram парақшасындағы оқырмандар саны 400 миллионға жетті

Опубликовано:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: instagram.com/cristiano

"Манчестер Юнайтед" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram әлеуметтік желісіндегі жазылушылар саны бойынша рекорд орнатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Португалия құрамасы ойыншысының аккаунты 400 миллион оқырман жинаған алғашқы парақша болып отыр.

Роналдудан кейінгі орында модель Кайли Дженнер тұр. Оның Instagram парақшасына 308 млн адам жазылған.

Үшінші орында 306 млн оқырманы бар "ПСЖ" ойыншысы Лионель Месси тұр.

Ал Instagram желісінің ресми аккаунтына 469 млн адам тіркелген.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлемдегі ең бай спортшының есімі белгілі болған еді. Бұл тізімде Криштиану Роналду 1,24 млрд доллар табыспен төртінші орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1954954-ronaldudyn-instagram-paraqsasyndagy-oqyrmandar-sany-400-millionga-zetti/

pixel