Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусь намысын қорғаған қазақ қызы Бейжіңде үздік бестікке енді (фото)

Опубликовано:

Биатлоншы
Динара Әлімбекова. Фото: dinara_alimbekova18/instagram

Биатлоннан 15 шақырым қашықтықта әйелдер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті. Отандасымыз Галина Вишневская-Шепоренко 44-орын алса, Беларусь құрамасында өнер көрсетіп жүрген қазақ қызы Динара Әлімбекова үздік бестікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қашықтықта германиялық Дених Херрман жеңімпаз атанса, күміс жүлде франциялық Анаис Шевалье-Бушеге бұйырды. Ал қола медальді норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн қанжығасына байлады.

Беларуссия құрамасының намысын қорғаған Динара Әлімбекова болса үздік бестікті қорытындылады.

Жарысқа жалпы 86 спортшы қатысты. Оның 60-ы іс кесу сайысына жолдама алды.

Айта кетейік, Динара Әлімбекова 1996 жылы 5 қаңтарда Қарағанды облысы, Абай ауданында өмірге келген.

Оның әкесінің есімі - Талғат. Ұлты - қазақ. Ал анасы - беларусь.

Динара кішкентай кезінен биатлонмен айналысады. Ол 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өткен қысқы Олимпиадада алтыннан алқа таққан. Биатлоншы чемпиондық атаққа әйелдер арасындағы 4х6 шақырымдық эстафеталық жарыста қол жеткізген.

Сонымен қатар, Динара әлем кубогының, Еуропа біріншілігінің жүлдегері және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954990-belarus-namysyn-qorgagan-qazaq-qyzy-beizinde-uzdik-bestikke-endi-foto/

pixel