Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада күнделігі: Бүгін жарыс жолына шыққан спортшылардың нәтижесі қандай

Опубликовано:

Биатлон
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін, 7 ақпанда Қазақстан командасы Бейжің Олимпиадасында спорттың екі түрінен ел намысын қорғады. Ең үздік нәтиже - он төртінші орын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін әйелдер арасында конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта финалдық жарыстар өтті. Бұл қашықтықта ел намысын Надежда Морозова мен Екатерина Айдованың қорғағаны белгілі.

Өкінішке қарай, олар үздік ондыққа кіре алмады. Надежда Морозова он төртінші, Екатерина Айдова он сегізінші орынға ие болды.

Сонымен қатар, аспан асты елінде биатлоннан әйелдер арасындағы бәсеке өтті.

15 шақырым қашықтықта бағын сынаған отандасымыз Галина Вишневская-Шепоренко 44-орынға табан тіреді.

Айта кетейік, жарысқа жалпы 86 спортшы қатысты. Оның 60-ы іс кесу сайысына жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955015-olimpiada-kundeligi-bugin-zarys-zolyna-syqqan-sportsylarymyzdyn-natizesi-qandai/

pixel