Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжіңде 25-орын алған отандасымыз: Бұл - мансабымдағы ең сәтті жарыстардың бірі

Опубликовано:

Киреев
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында биатлоннан ерлер арасындағы жекелей сында 25-орын алған отандасымыз Владислав Киреев нәтижесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Киреев Бейжің ойындары өзі қатысып отырған алғашқы Олимпиада екенін айта келе, ату кезінде мүлт кетпегеніне қуанатынын жасырмады.

"Бұл бәсеке өз мансабымдағы ең сәтті жарыстардың бірі екені анық. Бүгін шаңғым да жақсы сырғыды, сервисшілерге рахмет. Бір сөзбен айтқанда, бәрі де оңтайлы болды.

Бейжіңге келген алғашқы кездері күн қатты суық еді. Бүгін жылыды. Оның үстіне, қатты жел де болған жоқ. Бұл ату кезінде қателеспеуге көмектеседі. Жарыс жолы тым ауыр дей алмаймын. Тек аздап тыныстайтын жер жоқ, трасса негізінен тегіс. Үнемі қозғалыста болу керек. Жалпы алғанда, бәрі де көңілімнен шықты", - дейді Киреев. 

Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасында 20 шақырымдық биатлон жарысында ел намысын қорғаған Владислав Киреев 25, Александр Мухин 52-орын алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955257-beizinde-25-oryn-algan-otandasymyz-bul-mansabymdagy-en-satti-zarystardyn-biri/

pixel