Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тау шаңғысынан бақ сынап жатқан Троицкая Олимпиаданы сәтсіз бастады

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Сали Сабиров

Бейжіңде Олимпиадасында тау шаңғысынан жарыстар басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған спорт түрінен ел намысын Александра Троицкая қорғап жатыр. Оның бірінші мүмкіндігі сәтсіз аяқталды. Отандасымыз жарыс жолын толықтай аяқтай алған жоқ.

Бірінші мүмкіндіктен кейін неміс спортшысы Лена Дюрр көш бастап тұр. Оның көрсеткіші 52.17. Швецариялық Мишель Гизин (52.20) екінші орында тұрса, швед мақтанышы Сара Гектор (52.29) үздік үштікті қорытындылауда.

Тау шаңғысынан сынға түсіп жатқан спортшылар екінші мүмкіндіктерін Нұр-Сұлтан уақытымен 11:45-те пайдаланбақ. Тікелей эфир Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955281-tau-sangysynan-baq-synap-zatqan-troickaya-olimpiadany-satsiz-bastady/

pixel