Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әдейі емес": Бейжіңде жарыстан шеттетілген отандасымыз мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Денис
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында шорт тректен Қазақстан намысын қорғап жатқан Денис Никиша жарыстан шеттетілді. Осыған байланысты отандасымыз пікір білдіріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1500 қашықтықта сынға түскен Отандасымыз Ниделанды спортшысын құлатты деген айыппеен жарыстан шеттетілген еді.

Денис Никишаның айтуынша, жарыс кезінде мұндай жағдайлар болып тұрады.

"Бұл әдейі істелген дүние емес. Қарсыласымды қуып жетіп, алдына шығуды ойладым. Сол уақытта өзім де құлап, қасымдағы спортшыны "іліп" кеттім.

Аталған қашықтық маған ыңғайлы емес. Мен негізінен 500 метрге жарысудан жиі сынға түсемін. Қазір күшімді алдағы бәсекеге сақтаймын.

Ал Әділ Ғалиахметовпен бір топқа түскенімді көрдіңіздер. Топтағы спортшылар әлемдік рейтингке байланысты жасақталады", - деді шорт трекші. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955395-adeii-emes-beizinde-zarystan-settetilgen-otandasymyz-malimdeme-zasady/

pixel