Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шорт тректен Бейжіңде медаль алатын мүмкіндік бар ма: Бас бапкер пікір білдірді

Опубликовано:

Шорт трек
Фото: Olympic.kz

Шорт тректен Қазақстан командасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған баспасөз конференциясында Бейжіңде өнер көрсетіп жатқан шәкірттеріне баға берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, Бейжіңде өтіп жатқан төрт жылдықтың ірі додасы - Абзал Әжіғалиев пен Денис Никишаның үшінші олимпиадасы. Ал басқа шорт трекшілердің бірінші рет қатысып жатқаны белгілі болды.

"Аралас эстафетада командамыз бесінші орынға ие болды. Бұл - біз үшін жақсы нәтиже. Дегенмен, спортшы қыздарымыздың нәтижесі әлі де төменірек. Абзал, Әділ, Денис - жақсы спринтерлер. Команда қыздардың спринтерлігі жетпегендіктен медальға таласа алмады", - деді Мәдіғали Қарсыбеков.

Ол Бейжің Олимпиадасының финалына шығып, сегізінші орынға ие болған Әділ Ғалиахметовтің көрсеткішіне баға берді.

"Ғалиахметов 1500 метр қашықтықта финалға шықты. Ақтық кезеңде он спортшы өнер көрсетті. Әділге олардан озып кету қиындық тудырды, бір жағынан тәжірбиесі де жетпеді. Финалда алты шорт трекші бақ сынағанда, Әділ бұдан үздік нәтиже көрсетуі мүмкін еді.

Бейжіңде 500 метрлік жарыстар қалды. Бұл қашықтықта Абзал, Денис, Әділ өнер көрсетеді. Жігіттерден жақсы нәтиже күтеміз. Финалға шығамыз деп үміттенемін", - деді Мадығали Қарсыбеков.

Айта кетейік, бүгін, 11 ақпанда Қазақстан намысын Бейжің Олимпиадасында сегіз спортшы қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955626-sort-trekten-beizinde-madal-alatyn-mumkindik-bar-ma-bas-bapker-pikir-bildirdi/

pixel