Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бас сүйегі отыз жерден сынған": Жантүршігерлік жол апатына ұшыраған спортшы Олимпиадада ерлік жасады

Опубликовано:

Фристайлшы жол апатынан аман қалды
коллаж: olympics

Америкалық фристайлшы Колби Стивенсон 2016 жылы ауыр жол апатына ұшырап, үш күн бойы комада жатты. Ал жақында Бейжің Олимпиадасында күміс медаль иеленіп, адам баласы үшін алынбайтын қамал жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады Olympic.kz.

Колби осыдан алты жыл бұрын жарыста аяғын ауыртып алған досының жүк көлігін жүргізіп, үйіне қайтып келе жатқан. Осы кезде ауыр жол апаты болып, спортшылардың көлігі бірнеше мәрте айналып кетеді.

Апаттан Стивенсон ауыр жарақат алып, ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның бас сүйегі отыз жерден сынғанын анықтап, туыстарына тірі қалуы екіталай екенін хабарлайды. Әсіресе, мидағы ісік ақ халаттыларды қатты алаңдатқан еді.

Үш күннен соң Колби комадан оянып, қасында отырған анасынан тоқтаусыз кешірім сұрай бастайды. Өзінің ерік жігері мен мықты рухының арқасында спортшы бес айдан соң қатарға қосылып, шаңғымен жаттығуды бастап кеткен болатын.

"Маңдайымдағы шрам мен басымдағы сынық болмаса, бәрі жақсы. Бірақ осы апаттың болғаны дұрыс екен. Мен осыдан соң көп нәрсеге басқаша қарай бастадым. Бұрын көңілді кештерден босамайтын едім, қазір әжеммен карт ойнау, туыстарымның қасында отыру үлкен бақыт. Бұл апат осы бақыттың орнын айшықтап берді", - дейді Колби.

Бейжің Олимпиадасында Колби Стивенсон фристайлдың биг-эйр түрінен күміс медаль жеңіп алды. Спортшының бұл ерлігін Халықаралық Олимпиада комитеті де мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955665-bas-suiegi-otyz-zerden-syngan-zantursigerlik-apatqa-usyragan-sportsy-olimpiadada-erlik-zasady/

pixel