Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақсыбеков бас тартты: ҚФФ президенті лауазымына кімдер таласып жатыр

Опубликовано:

Әділбек Жақсыбеков
Әділбек Жақсыбеков. Фото: kff.kz

10 ақпанда "Қазақстан Футбол федерациясы" қауымдастығы" ЗТБ сайлау комитетінің жиыны өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Комитет футбол федерациясының президенті сайлауына ұсынылған үміткерлердің құжаттарын қараған. Сайлау 2022 жылдың 28 ақпанында өтеді. 

Белгілі болғандай, Қазақстан футбол федерациясын бұған дейін басқарған Әділбек Жақсыбеков сайлауға қатысудан бас тартқан.

Үміткерлер тізімі:

  • Барменқұлов Әділет Назарбайұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, "Қазақстан Футбол федерациясы" қауымдастығы" ЗТБ президентінің кеңесшісі;
  • Жарылқасынов Ерлан Еркінбекұлы – "Қазақстан әуесқой футбол лигасы" ҚБ төрағасы;
  • Қаниев Берік Сералыұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, Lancaster Group Kazakhstan АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Лория Давид Григорьевич – "Нұр-Сұлтан қаласының Футбол федерациясы" қауымдастығы" ЗТБ президенті;
  • Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, "Қайрат" АФК президенті;

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1955674-zaqsybekov-bas-tartty-qff-prezidenti-lauazymyna-kimder-talasyp-zatyr/

pixel