Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңілім толады": Бейжіңде 28-орын алған отандық конькиші өз өнеріне баға берді

Опубликовано:

Конькиші
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжіңде ерлер арасында конькиден 500 метр қашықтықтағы жарыс аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қашықтықта ел намысын Иван Аржаников қорғады. Ол сәтсіз өнер көрсетіп, 30 қатысушының ішінде 28-орынға ие болды.

"Дайындық жақсы өтті. Барлығын жасаған секілдіміз. Жарыс жолында кішкене жылдамдық жетпеді. Негізінен маған ұнады. Бұл Олимпиада ойындарындағы бірінші жарысым. Жалпы, көңілім толады", - деді отандасымыз KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, 500 метрде қытайлық атлет Гао Тинъюй Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы атанса, күміс медаль оңтүстік кореялық Ча Мин Кюға бұйырды. Үшінші орынды күншығыс елінің өкілі Ватару Морисиге алды.

Спортшылардың нәтижесі:

1. Гао Тинъюй (Қытай) — 34.32

2. Ча Мин Кю (Оңтүстік Корея) — +0.07

3. Ватару Морисиге (Жапония) — +0.17

...

28. Иван Аржаников (Қазақстан) — +1.50.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955823-beizin-olimpiadasy-qazaqstandyq-konkisi-30-qatysusynyn-isinde-28-oryn-aldy/

pixel