Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағалы-інілілер алтын мен қола жеңген күн: Бейжіңде отандық биатлоншылар қалай өнер көрсетті

Опубликовано:

Бейжің
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасының кезекті жарыс күнінде биатлоншылар арасында спринт өтіп, норвегиялық ағалы-інілілердің жоғарғы нәтижесімен аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

10 шақырым қашықтықта сынға түскен спортшылардың арасында норвегиялық Йоханнес Бё Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанды. Екінші орын Франция атлеті Кентен Фийон-Майеге бұйырса, қола медальді жеңімпаздың ағасы норвегиялық Тарьей Бё қанағат тұтты.

Қазақстан намысын қорғаған Александр Мухин мен Владислав Киреев үздік жиырмалықтың қатарынан көрінген жоқ. Александр Мухин 49, Владислав Киреев 77-орынға жайғасты. Екі спортшымыз да нысананы дәлдеу кезінде бір мәрте мүлт кетті.

Спортшылардың көрсеткіштері:

1. Йоханнес Бё (Норвегия) — 24:00.4 (0+1)

2. Кентен Фийон Майе (Франция) — +25.5 (1+0)

3. Тарьей Бё (Норвегия) — +38.9 (0+1)

...

49. Александр Мухин (Қазақстан) — +2:36.8 (1+0)

77. Владислав Киреев (Қазақстан) — +3:21.3 (1+0).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955829-agaly-inililer-altyn-men-qola-zengen-kun-beizinde-otandyq-biatlonsylar-qalai-oner-korsetti/

pixel