Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Финалға жолдама және сәтсіздік: Қазақстандық акробаттар Бейжіңде қалай өнер көрсетіп жатыр

Опубликовано:

Фристайл
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Сали Сабиров

Фристайл акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңдері аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған спорт түрінен ел намысын Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева қорғағаны белгілі.

Бірінші іріктеу кезеңінде екі спортшымыз жоғарғы ұпай жинай алмай, тікелей финалға берілетін жолдамаға ие болған жоқ.

Екінші мүмкіндігінде Ақмаржан сәтті өнер көрсетті. Төрешілер қойған 98.68 ұпаймен ол бірінші финалға өтті.

Ал Жанбота үшін Бейжің Олимпиадасы сәтсіз аяқталды. Оның екі кезеңде де жинаған ұпайы келесі айналымға шығуға жетпеді.

Айта кетейік, 12 спортшы бақ сынайтын бірінші финал Нұр-Сұлтан уақытымен 17.00-де басталады.

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Сали Сабиров

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956016-finalga-zoldama-zane-satsizdik-qazaqstandyq-akrobattar-beizinde-qalai-oner-korsetip-zatyr/

pixel