Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасының финалында сәтсіздікке ұшырады

Опубликовано:

Спортшы
Ақмаржан Қалмұрзаева. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Сали Сабиров

Фристайл акробатикадан әйелдер арасында бірінші финалдық кезең аяқталды. Өкінішке орай, Ақмаржан Қалмұрзаева жүлде сарапқа салынатын соңғы айналымға өткен жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстандық спортшы бірінші финалда екі мүмкіндігінде сәтті пайдалана алған жоқ.

Ол біріншісінде 52.36, екіншісінде 71.23 ұпайға ие болды.

Бұл көрсеткіш жүлде сарапқа салынатын ақтық мәреге жетпеді.

Осылайша, Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасын он бірінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Ақмаржаннан бөлек Бейжің Олимпиадасында фристайл акробатикадан ел намысын Жанбота Алдабергенова қорғады. Ол жарыс жолынан іріктеу кезеңдерінде шығып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956051-aqmarzan-qalmurzaeva-beizin-olimpiadasynyn-finalynda-satsizdikke-usyrady/

pixel