Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көрсеткіштеріне ризамын": Фристайл акробатика бапкері Олимпиаданы қорытындылады

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Жібек Арапбаева Бейжің Олимпиадасын қорытындылап, спортшыларымыздың өнеріне баға берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Олимпиадаға үш спортшымен келдік. Жанбота, Ақбота мен Шерзод. Шерзодтың халықаралық жарыстарға қатысып жатқанына екі жыл болды. Соған қарамастан жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп жүр", - деп сөзін бастады Жібек Арапбаева Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған баспасөз конференциясында.

Ол атлеттердің нәтижесіне көңілі толатынын мойындады.

Айта кетейік, Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжіңде финалға шығып, он бірінші орынға ие болса, Жанбота Алдабергенова он үшінші сатыға тұрақтады. Ал ерлер арасында бағын сынаған Шерзод Хаширбаев үздік жиырмалыққа ілінді.

"Фристайл акробатикадан төрт жылдықтың ірі додасына финалға шығуды мақсат тұтып келгенбіз. Өз басым қыздарды мақтан тұтамын, көрсеткіштеріне ризамын. Біздің спортшы қыздар батыл, ержүрек", - деп ағынан жарылды аға жаттықтырушы.

Сонымен қатар, Жібек Арапбаева ерлер арасында сынға түскен Шерзодтың да өнеріне баға берді.

“Шерзод небәрі 18-де. Үлкен жарысқа өткен жылдан бастап қана қатысып жүр. Ол еңбекқор жігіт әрі талантты. Жас болғанымен ақылды жігіт. Болашағанынан көп үміт күтеміз. Жарақат алып қалмаса, үлкен жетістіктерге қол жеткізетіні анық", - деді аға жаттықтырушы.

Ол алда екі әлем кубогы бар екенін, Олимпиадан соң дайындықты жалғастыратынын жеткізді.

Жібектің сөзінше, елімізде фристайл акробатика спортында мәселелер бар. Соның бірі резертің аздығы.

"Елімізде резерв көп емес. Спортшылар бар, алайда өте жас. Әлем кубогына қатысуға әлі ерте. Көп жұмыс жасау керек", - деді Жібек Арапбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956368-korsetkisterine-rizamyn-fristail-akrobatika-bapkeri-olimpiadany-qorytyndylady/

pixel