Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Ислам жуырда чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізеді

Опубликовано:

Қанат Ислам
Қанат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

25 ақпанда жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның мәліметінше, ол АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Ситиде өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

Қанат Исламның қарсыласы бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулының бұрынғы үміткері, ұлыбританиялық Джимми Келли.

Ұйымдастырушы ProBox Promotions компаниясының ақпаратынша, жекпе-жек барысында орта салмақтағы WBO Global чемпионы титулы сарапқа салынады.

Бокс кеші бастапқыда 21 қаңтарда өтуі тиіс еді. Алайда коронавирус шектеулеріне байланысты кездесу уақыты өзгерген.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 2021 жылғы 20 ақпанда Майамиде өткізген болатын. Сол кезде отандасымыз эквадорлық Джейсон Минданы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1956369-qanat-islam-zuyrda-cempiondyq-titul-usin-zekpe-zek-otkizedi/

pixel