Әлемнің ең күшті қызы Азия чемпионатында Павлодар облысының намысын қорғайды

Опубликовано:

Қыз
Фото: pavlodarnews.kz

27 ақпан мен 15 наурыз аралығында Иорданияда жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан Азия біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Аталған спорт түрінен қыздар арасында облыстың аға жаттықтырушысы Марат Қырықбаев атап өткендей, құрлық біріншілігіне жолдаманы облыстан тек 15 жасар Эвника Сәдуақасова жеңіп алған. 

"Эвника – Азия чемпионы атағы үшін таласады, мақсаты – тек алтын алу. 15 жасар боксшы 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Одан бөлек, 10 күннен кейін облыс құрамасы Алматыда өтетін іріктеу турниріне қатысады. Онда да жолдамалар ұтуға тырысамыз", - дейді жаттықтырушысы.

Эвника Сәдуақасова Павлодарда туып, бала күнінде отбасымен бірге Ресейге көшкен. Бокспен төрт жасында айналыса бастаған. Сол кезден бері ол әртүрлі рекордтар орнатып, талай телешоуларға қатысып үлгерген.

Мысалы, 2016 жылы ол Максим Галкин жүргізетін "Лучше всех!" бағдарламасында қонақ болған.

Биыл болса, екі бірдей шетелдік басылым - британиялық Firstpost және үнді The Indian Express Эвника Сәдуақасованы әлемдегі ең күшті қыз бала деп таныған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1956452-alemnin-en-kusti-qyzy-aziya-cempionatynda-pavlodar-oblysynyn-namysyn-qorgaidy/