Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген допинг дауына іліккен ресейлік спортшыға қолдау көрсетті

Опубликовано:

Камила Валиева выступает
Камила Валиева. Фото: Jean Catuffe/Getty Images

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында допинг дауына іліккен 15 жастағы ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға қолдау көрсетті.

"Достар менің Қазақстан спортшыларына жанкүйер екеніме қарамастан, көршілес елдегі талантты қарындасым Камила Валиеваны қолдағым келеді. Оны қатты қысымнан кейінгі керемет жеңісімен құттықтаймын.

Қыз небәрі 15 жаста, бірақ ол сондай төзімділік пен нағыз ерік-жігерді көрсетті. Құрметті ресейліктер, сіздерді мәнерлеп сырғанаудың кішкентай ханшайымының сенімді жеңісімен құттықтаймын", - деп жазды Димаш.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Валиеваның ағзасынан тыйым салынған препарат табылған еді. Бастапқыда РУСАДА спортшыны жарыстан шеттету туралы тоқтамға келген болатын. Алайда келесі күні спортшы апелляция берді.

Кейінірек, CAS ұйымы мәнерлеп сырғанаушыны Бейжің олимпиадасына қатысуға рұқсат беру туралы шешім шығарды.

Сонымен қатар, Камила Валиева допинг дауынан кейін алғаш рет пікір білдіріп, эмоционалды түрде шаршағанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956491-dimas-qudaibergen-doping-dauyna-ilikken-reseilik-sportsyga-qoldau-korsetti/

pixel