Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Жанқош Тұраров
Жанқош Тұраров. Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Boxrec.com сайтының мәліметінше, Жанқош Тұраров 19 наурыз күні Мәскеуде шаршы алаңға шығады.

Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді және кездесу он раундқа жоспарланған. Дегенмен, отандасымыздың қарсыласы кім екені белгісіз.

Айта кетсек, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокста бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Ол 25 мәрте қарсыласынан басым түсіп, оның 18-де нокаутпен жеңген.

Боксшы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізген болатын.

Сол кезде Жанқош Тұраров мысырлық Абдумон Саидті бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1957132-zanqos-turarovtyn-kelesi-zekpe-zegi-otetin-kun-belgilendi/

pixel