Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

Опубликовано:

Фото
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып Әділет Барменқұлов тағайындалды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бүгін, 28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан футбол федерациясының кезекті жиыны өтті.

Аталған шарада федерацияның жаңа басшысы тағайындалды. Өңірлік футбол федерацияларының дауыс беруі нәтижесінде президент болып Әділет Барменқұлов сайланды.

"Футболдың дамуына мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да қызығушылық болуы керек. Біздің міндет - мемлекет пен қоғам арасында тығыз байланыс орнату. Футбол ұлттық жобаға айналуы қажет. Ол үшін стратегиялық құжат әзірлеуіміз керек. Ол құжатта футболды дамытудың міндеті мен датасы нақты көрсетіледі. Министрмен кездесіп, нақты жоспарымызды ұсынамыз", - деді Әділет Барменқұлов.

Айта кетейік, бұл лауазымға Әділет Барменқұловтан бөлек Ерлан Жарылқасынов, Берік Ғаниев, Давид Лория және Қайрат Оразбеков үміткер болған еді.

Бастапқыда Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметіне бұрынғы басшы Әділбек Жақсыбеков пен Қазақстан футбол лигасының президенті Олжас Абраев өз кандидатураларын ұсынған, алайда кейін олар сайлауға түсуден бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1958393-qazaqstan-futbol-federaciyasynyn-zana-prezidenti-sailandy/

pixel