Головкин-Мурата арасындағы жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Фото: instagram.com/gggboxing

IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен WBA Super титулының иегері жапониялық былғары қолғап шебері Риота Мурата арасындағы жекпе-жек 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында өтеді. Бұл туралы спорт журналисі Майк Коппинджер Twitter парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сонымен қатар, журналист "Канело" - GGG трилогиясы 17 қыркүйекте өтетіні туралы ақпаратты да растады.

Дегенмен, оған дейін Головкин мен Альварес қарсыластары - Мурата мен Биволдан басым түсуі қажет.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы кездесу 2021 жылғы 29 желтоқсанда Жапонияда өтуі тиіс еді.

Алайда елде коронавирустың "омикрон" штамының таралуына байланысты Жапония үкіметі бірқатар шектеу шараларын енгізді.

Салдарынан олардың жекпе-жегі 2022 жылға шегерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1958886-golovkin-murata-arasyndagy-zekpe-zektin-otetin-kun-belgili-boldy/