Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нижат Рахимов Рио Олимпиадасының алтынынан айырылып, 8 жылға спорттан шеттетілді

Опубликовано:

Ниджат Рахимов
Ниджат Рахимов. Фото: instagram.com/nijat.raximov

Спорттық арбитраждық сот (CAS) қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимовты допингке қарсы ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетіп, 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының алтыннан айырды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Спорттық арбитраждық соттық допингке қарсы бөлімі отандасымыз Нижат Рахимовты төрт несеп үлгісін ауыстырды деп таныған. Бұл IWF антидопингтік ережелерін бұзу болып саналады.

Осылайша, Рахимовтың 2016 жылғы 15 наурыздан 2021 жылғы 18 наурыз аралығындағы нәтижелерінің бәрін жойып, сегіз жылға спорттан шеттету туралы шешім шыққан.

Сондай-ақ, қазақстандық ауыр атлет Рио-де Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиада ойындарында алған алтын медалінен айырылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ниджат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жарыстардан уақытша шеттетілгенін жазған едік.

Кейінірек, осыған байланысты ауыр атлет мәлімдеме жасаған болатын. Ол берілмейтінін, өзгенің кінәсін өз мойныма алмақ ниетте емес екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1961796-nizat-raximov-rio-olimpiadasynyn-altynynan-aiyrylyp-8-zylga-sporttan-settetildi/

pixel