Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапондық журналист Головкин Муратаға сыйға тартқан шапанның тарихи мағынасына сүйсінді

Опубликовано:

Головкин Муратаға шапан жапты
Фото: www.instagram.com/boxing_worldwide1

Yahoo! Japan басылымының журналисі Соити Хаяси Головкиннің Муратаға сыйлаған шапаны туралы пікірін білдіріп, оның тарихи мағынасын атап өтті. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Бұл бокстың көрнекілігін толығымен жеткізген жекпе-жек болды. Шаршы алаңда Головкинді құшақтаған Муратаны зал үлкен қошеметпен қарсы алды. Баспасөз конференциясында Головкин Қазақстанда шапанды ең сыйлы адамға беретінін айтты.

Муратаның балалары өскен соң, олардың әкесіне сыйланған шапанның тарихи мағынасын білетін болады. Сол кезде оның нағыз еркекше жұдырықтасып, барша Жапонияны таңдай қақтырғанын түсінетіні анық", - деп жазды журналист.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Риото Мурата арасындағы кездесу 9 сәуірде өтті. Қазақстандық боксшы 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964926-zapondyq-zurnalist-golovkin-murataga-syiga-tartqan-sapannyn-tarixi-magynasyna-suisindi/

pixel