Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқа жігіттерді көреміз": Бас бапкер Абылайхан Жүсіповтің Азия ойындарына бармайтынын айтты

Опубликовано:

Абылайхан Жусупов
Абылайхан Жусупов. Фото: Владислав Семенов, olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов танымал екі спортшының кәсіпқой боксқа ауысуына қатысты пікірін айтты. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

"Былтыр Қазақстан командасын қабылдап алғанымда Әбілхан Аманқұл құрамада болған жоқ. Ол Олимпиададан кейінгі жарақаттарын емдейтінін айтып, оқу-жаттығу жиындарына келмеді. Содан соң, Әбілханның кәсіби боксқа бет бұрғаны белгілі болды.

Ал Абылайхан Жүсіпов командамен бірге барлық оқу-жаттығу жиындарына қатысып, әлем чемпионатына аттанар кезде іріктеуден өтті. Ол 67 келіде Сербиядағы әлем біріншілігіне баруға үмітті боксшылардың барлығын жеңген болатын. Абылайханның Белградтан күміспен оралғанын да бәріңіз білесіздер.

Әлем чемпионатынан соң Абылайхан кәсіби боксқа ауысатынын, бірақ ұлттық құрамадан да алыстамайтынын айтты. Біз де командадан көп ұзамау керектігін айттық. Бірақ алдағы Азия ойындарына біз Жүсіповті апара алмаймыз. Себебі, кәсіби бокстан дереу әуесқой боксқа ауысып, жекпе-жекке түскеннің салдары қалай боларын көрдік.

Америкада кәсіби бокспен шұғылданып жүрген өзбекстандық Хасанбай Досматов, Шахрам Гиясовтар әлем чемпионатының алғашқы айналымында біздің жігіттерге жол берді. Яғни, екі жүйедегі дайындық деңгейі мүлде бөлек. Кәсіби бокста жүрген спортшыларымызға әуесқойлар арасында сынға түсу оңай емес. Сондықтан, Абылайханды алдағы Азия ойындарына апара алмаймыз. Оның салмағындағы басқа жігіттерді іріктейтін боламыз", – деді бас бапкер Қайрат Сәтжанов.

Айта кетелік, бұған дейін ұлттық құрамада өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұлдың 21 мамыр күні Америкадағы бокс кешінде сынға түсетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1967792-basqa-zigitterdi-koremiz-bas-bapker-abylaixan-zusipovtin-aziya-oiyndaryna-barmaitynyn-aitty/

pixel