"Интер" футбол клубы Италия кубогын жеңіп алды (фото, видео)

Опубликовано:

"Интер" футбол клубы
"Интер" футбол клубы. Фото: Mattia Ozbot - Inter/Inter via Getty Images

Миландық "Интер" футбол клубы Италия кубогын жеңіп алды. Бұл клубтың 2011 жылдан бері алғашқы жеңісі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Финалда "Интер" туриндік "Ювентуспен" кесдесті. Матч Римдегі "Стадио Олимпико" алаңында өтті.

Тартысты өткен ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды.

Матч барысында "Интер" сапынан Николла Барелла мен Хакан Чалханоглу, "Ювентустен" Алекс Сандро мен Душан Влахович көзге түсті.

Жеңімпаз экстра таймда анықталып, "Интер" сапынан Иван Перичич дубль авторы атанды.

Осылайша, "Интер" мен "Ювентус" арасындағы кездесу 4:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, "Интер" футбол клубы тарихында сегізінші рет Италия кубогын иеленіп отыр. Соңғы рет клуб 2011 жылы ғана аталған трофейді ұтқан еді.

Айта кетейік, бұған дейін Эрлинг Холандтың ресми түрде "Манчестер Сити" ойыншысы атанғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1968881-inter-futbol-kluby-italiya-kubogyn-zenip-aldy-foto-video/