Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы "жылдың ең үздік нокауты" атағын иеленуі мүмкін (видео)

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Видеодан кадр: Хабар арнасы

Танымал америкалық сарапшы Дэн Рафаэль Жәнібек Әлімханұлының соңғы кездесуіндегі нокаутына баға берді, деп хабарлайды Sports.kz.

"Жәнібек Әлімханұлы екінші раундта Дэнни Дигнумды нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Ол алғаш рет Top Rank ESPN кардында көш бастады. Әлімханұлы жекпе-жек барысында үздік көрінді және Лас-Вегаста қарсыласын естен тандырып, "жылдың ең үздік" нокаутына үміткер атанды", - деді Рафаэль.

Еске сала кетейік, бүгін, 22 мамырда отандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін британиялық Дэнни Дигнуммен жұдырықтасты.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз қарсыласын екінші раундта сұлатып түсірді.

Кездесуден соң БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Жәнібек IBF, WBA Super титулының иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтаспайтынын ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1970458-zanibek-alimxanuly-zyldyn-en-uzdik-nokauty-atagyn-zenip-aluy-mumkin-video/

pixel