БАҚ Головкин - "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін елді атады

Опубликовано:

Головкин мен "Канело"
Головкин мен "Канело". Фото: Al Bello/Getty Images

Екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес келесі жекпе-жегі орта дивизиондағы IBF, WBA Super және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өтетінін хабарлаған еді. Осы орайда БАҚ боксшылар арасындағы үшінші кездесу өтуі мүмкін жерді атады, деп жазады Sports.kz.

Forbes-тің мәліметінше, GGG - "Канело" триологиясы өтетін жері әлі белгісіз.

Дегенмен жекпе-жек боксшылардың бұған дейін екі кездесуі болған Лас-Вегас қаласында өтуі мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін Сауль Альварес баспасөз мәслихаты кезінде Головкинмен үшінші жекпе-жегі биыл қыркүйек айында өтетінін ресми түрде мәлімдеген еді.

"Иә жақын арада біз қыркүйек айында болатын жекпе-жек туралы хабарлаймыз. Әрине, ол Головкинге қарсы болады. Себебі, бізде бұған қатысты келісім бар. Сондай-ақ мен Биволмен де тағы жекпе-жек өткізетін боламын. Бірақ бұл кейінірек", - деген болатын ол.

Жалпы, Сауль Альварес кәсіби мансабында Геннадий Головкинмен екі рет қолғап түйістірген.

Олардың арасындағы алғашқы кездесу 2017 жылдың қыркүйегінде өткен еді. Ол кезде жекпе-жек тең аяқталса, тура бір жылдан кейін екінші рет өткен кездесуде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Биылғы жылдың 7 мамырында "Канело" ресейлік боксшы Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жек өткізіп, мансабында екінші рет жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1970699-baq-golovkin-kanelo-arasyndagy-usinsi-zekpe-zektin-otui-mumkin-eldi-atady/