Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасының осы маусымындағы үздік бомбардир аталды

Опубликовано:

футболшылар
Көрнекі фото: pixabay.com

Мадридтік "Реалдың" француз шабуылшысы Карим Бензема Чемпиондар лигасының осы маусымындағы үздік бомбардир атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, Карим Бензема осы маусымда 15 гол соққан.

Екінші орында "Баварияның" шабуылшысы поляк Роберт Левандовский (13 гол), үшінші орында "Аяксаның" котдивуарлық шабуылшысы Себастьян Аллер (11 гол).

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалы 28 мамырдан 29 мамырға қараған түні Париж қаласындағы "Стад Де Франс" стадионында өтті.

Ақтық сында мадридтік "Реал" мен ағылшынның "Ливерпуль" командасы кездесті. Ойын 0:1 есебімен "Реалдың" пайдасына шешілді. Шешуші голды кездесудің 59-минутында бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор соқты.

Осылайша, мадридтік "Реал" тарихында 14-ші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып отыр.

Енді команда УЕФА Суперкубогын Еуропа лигасының жеңімпазы атанған немістің "Айнтрахт" командасымен сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1971489-cempiondar-ligasynyn-osy-mausymyndagy-uzdik-bombardir-ataldy/

pixel