Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конор Макгрегор октагонға қашан оралуы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

ММА
Конор Макгрегор. Фото: Gettty Images/ Jeff Bottari / Contributor

Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы, ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор алған жарақатынан кейін денсаулығын қалай қалпына келтіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sky Sports News.

Файтердің сөзінше, жақын арада тағы бір медициналық тексерістен өтеді, содан кейін келесі жекпе-жегі туралы шешім қабылдамақ.

"Өзімді жақсы сезінемін. Біртіндеп жаттығу санын көбейтуді ойлап отырмыз. Таяуда тағы бір медициналық тексерістен өтемін, содан кейін боспын деп айта аламын.

Мен жекпе-жек өткізе алатыныма толық сенімді болған кезде октагонға ораламын. Бокстан жаттығулар жақсы өтуде. Дегенмен октагонға қайта оралатын сәтімді асыға күтіп жүрмін", - дейді ирландиялық файтер ұлыбританиялық басылымға берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, былтыр 11 шілдеде Конор Макгрегор Дастин Порьемен өткен кездесуде аяғын сындырып алған болатын. Содан бері ирландиялық спортшы октагонға шықпады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1971729-konor-makgregor-oktagonga-zaqynda-oraluy-mumkin-ekenin-xabarlady/

pixel