Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты хорватиялық футболшы "Тоттенхэм" ойыншысы атанды (фото)

Опубликовано:

Доп1
Көрнекі фото: piqsels.com

Хорватия құрамасының атақты ойыншысы Иван Перишич "Тоттенхэм" футболшысы атанды.

Бұл ақпаратты лондондық клубтың баспасөз қызметі растады.

Белгілі болғандай, жартылай қорғаушы "Тоттенхэммен" 2024 жылға дейін келісімшартқа отырған. Ол миландық "Интерден" еркін агент ретінде кетті.

Иван Перишич лондондық ұжымның бас бапкері Антонио Контені бұрыннан жақсы біледі. Өйткені италиялық маман "Интерді" жаттықтырған тұста екеуі бірге жұмыс істеген.

Айта кетейік, 33 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымда Италия чемпионатында 35 ойынға қатысып, 8 гол соқты. Сонымен қатар 7 нәтижелі пастың авторы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1971903-ataqty-xorvatiyalyq-futbolsy-tottenxem-oiynsysy-atandy-foto/

pixel