Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбан Бердыев алматылық "Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті

Опубликовано:

Құрбан Бердыев
Құрбан Бердыев. Фото: fckairat.com

69 жастағы ресейлік маман Құрбан Бердыев "Қайраттың" бас бапкері қызметінен ресми түрде кетті. Бұл туралы клубтың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қайрат" футбол клубы және команданың бас бапкері Құрбан Бердыев келісім шарт мерзімін уақытынан бұрын аяқтау туралы келісімге келгенін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Онымен бірге көмекшілері Иван Данильянц, Дмитрий Кириченко, Андрей Мацюра және Эдуард Кундухов клуб сапынан кетпек.

Айта кетейік, Құрбан Бердыев ойыншы ретінде де алматылық клубтың намысын қорғаған. Ол жартылай қорғаушы позициясында "Қайрат" жейдесінде 160 ойын өткізген.

1990-жылдардың басында, Құрбан Бекиұлы ассистент және бас бапкер ретінде "Қайратты" баптады, 1992 жылы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанды.

2021 жылы Бердыевтың алматылық клубқа қайта оралғаны белгілі.

Алғашында ол бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды, кейін негізгі команданың бас бапкері атанды.

"Сары-қаралар" Бердыевтың баптауымен алғаш рет Еурокубоктың топтық кезеңінде өнер көрсетті, сонымен қатар Қазақстан Кубогын жеңіп алды.

"Қайрат" футбол клубы Құрбан Бекиұлына және көмекшілеріне атқарылған жұмыс үшін шын жүректен алғыс білдіреді және алдағы уақытта тек сәттілік тілейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1972837-qurban-berdyev-almatylyq-qairattyn-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti/

pixel