Қазақстаннан жеңілген соң Словакия құрамасының бас бапкері жұмыссыз қалды

Опубликовано:

Штефан Таркович
Штефан Таркович. Фото: Словакияның футбол одағы

Словакия футбол одағының атқарушы комитеті Словакия құрамасының бас бапкері Штефан Тарковичті жұмыстан босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның жазуынша, Словакияның футбол одағы бұндай шешімнің қабылдануына бапкердің нәтижесінің көңіл көншітпеуі себеп болған көрінеді.

Алдағы ойындарда команданы уақытша Самуэль Словак пен Марек Минтал жаттықтырмақ. Ал жаңа бас бапкердің есімі алдағы уақытта белгілі болады.

Айта кетейік, 6 маусымда футболдан Қазақстан құрмасы сырт алаңда Словакияны 0:1 есебімен ұтты.

Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды ойынның 26-минутында жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев салды. Оған нәтижелі пасты Эльхан Астанов берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1973214-qazaqstannan-zenilgen-son-slovakiya-quramasynyn-bas-bapkeri-zumyssyz-qaldy/

jitsu gif