Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Юность" фестивалі бас демеушісін назарға ұсынады

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch Kazakhstan

Parimatch халықаралық беттинг-компаниясы осы жаздың ең маңызды оқиғасы — "Юность" музыка және заманауи мәдениет фестиваліне атсалысады. Іс-шара 25 маусымда Алматы қаласындағы Атакентте өтеді.

"Юность" 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Әр маусым сайын өтетін іс-шара Алматының ең басты фестиваліне айналуды мақсат етеді және күннен күнге аясы кеңіп келеді. АҚШ-тағы әйгілі "Coachella", Ұлыбританиядағы "Glastonbury" және Мәскеудегі "Афиша" Пикниктері сияқты көпшілік іс-шаралар ұйымдастырушыларға бұл бастамада өзіндік шабыт берді. Мұндай басқосуларға тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінен туристер де келіп, әйгілі әртістерді тыңдап, шаттыққа толы атмосфераны сезіне алады. Дәл осындай эмоцияны 7000 адамға дейін келеді деп күтілетін "Юность" фестивалі де сыйлайтын болады.

"Юность - бұл адамның жасын емес, ішкі жан-дүниесін айқындайтын шара. Сенде ешқандай машақат, алаңдаушылық деген жоқ, серуендеп-билеуіңе және көңіл көтеруіңе болады. Бүгінгі өмір қарқынымен бәрі бірдей оған қол жеткізе алмайды, ал біздің фестивальде олар осы мамыражай күйге ене алады. Біз Parimatch-ты бас серіктес ретінде назарға ұсынуға қуаныштымыз. Біздің бірлескен жұмысымыз фестивальді жаңа деңгейге шығаруға көмектеседі", - деді фестивальдің негізін қалаушы Виталий Угай.

Фестивальде украиналық танымал орындаушы Иван Дорн мен жергілікті жастарға кеңінен танымал қазақстандық музыканттар өнер көрсетеді. Сонымен қатар 16 маусымда Parimatch қолдауымен фестивальдің Instagram парақшасында ауқымды таланттар байқауы басталды. Жеңімпаз Иван Дорнмен және басқа да атақты адамдармен бір сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Бұл өнер жолына енді бет бұрғандар үшін қаланың ең танымал оқиғаларының бірінде өзін танытуға тамаша мүмкіндік.

Бірақ "Юность" - бұл жай ғана концерт емес. Бұл - қазақстандықтар мен шетелден келген қонақтардың тынығып, достық қарым-қатынас орнатып, заманауи музыкалық өнердің жаңа белестерімен танысуына мүмкіндік беретін мәдени іс-шара. Parimatch бас демеушісі ұйымдастырушылардың демалушыларға жарқын жазғы әсер сыйлау ниетін қолдайды.

"Біз "Юность" музыкалық фестивалінің серіктесі атануға шешім қабылдадық, өйткені біздің мақсатымыз - жағымды эмоциялар мен жаңа әсерлер сыйлау. Біз мұның жарқын, батыл және ерекше болып өткенін қалаймыз. "Юность by Parimatch" фестивалі дәл осындай болады деген ойдамыз. Ортақ күш-жігердің арқасында біз қонақтарымызға музыкаға, қарым-қатынасқа толы және таза ауада белсенді демалуға мүмкіндік беретін ұмытылмас жаз ұйымдастырамыз. Біз өзге де елдерде спорттық және лайфстайл іс-шараларын өткізуді белсенді түрде қолдап келеміз", - деп бөлісті CEO Parimatch Kazakhstan Роман Бойко.

Билеттер сатып жатыр. Ал шексіз эмоция алғысы келетіндер үшін Parimatch кез келген спорт түріне 3000 теңгеден бастап ойын билеттерін алуды ұсынады. Ойнаңыз және фестивальге қатысыңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1974901-yunost-festivali-bas-demeusisin-nazarga-usynady/

pixel