Иван Дычко кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді (видео)
Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Иван Дычко Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Sports.kz.
Отандасымыз аргентиналық Кевин Эспиндоламен жұдырықтасты.
Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған және ол соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде Иван Дычко төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісі. Ал Кевин Эспиндола мансабында төртінші рет жеңіліп отыр.
Еске сала кетейік, Иван Дычко бұған дейінгі барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Отандасымыз шаршы алаңға биылдыққа алғаш рет шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1975489-ivan-dycko-kasipqoi-bokstagy-12-si-zenisine-qol-zetkizdi-video/