Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Минамино "Монако" ойыншысы атанды (фото)

Опубликовано:

алаң
Көрнекі фото: pixabay.com

Франция біріншілігінде өнер көрсететін "Монако" футбол клубы Жапония құрамасының футболшысы Минаминоны "Ливерпульден" сатып алды, деп жазады Sports.ru.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, "Монако" мен Минамино 2026 жылға дейін келісім-шартқа отырған.

Футбол клубы Жапония құрамасының жартылай қорғаушысын "Ливерпульден" 15 миллион еуроға сатып алған. Тағы 3 миллион еуро бонус ретінде қарастырылып отыр.

Жапониялық футболшы "Ливерпуль" сапында 2020 жылдың қаңтарынан бастап өнер көрсетті. Ол барлығы 55 матчқа қатысып, 14 рет мергендігімен көзге түскен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Армения құрамасы мен "Рома", "Арсенал", "Манчестер Юнайтед", "Шахтер", "Боруссия Дортмунд" клубтарының бұрынғы ойыншысы Генрих Мхитарян миландық "Интер" сапына қосылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1976099-minamino-monako-oiynsysy-atandy-foto/

pixel