Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ПСЖ-ның" жартылай қорғаушысын Ибица аралында тонап кетті

Опубликовано:

Марко Вератти
Марко Вератти. Фото: football24.ru

Ибица аралында демалып жүрген Францияның "ПСЖ" футбол клубының орталық жартылай қорғаушысы Марко Верраттиді тонап кетті, деп хабарлайды Marca.

Басылым мәліметінше, Ибицадағы демалыс кезінде Верратти Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдоға тиесілі үйге тоқтаған.

Белгісіз адамдар осы үйге ұрлыққа түсіп, футболшының ақшасы мен бағалы заттарын ұрлап кеткен. Ұрлық жасалған сәтте үйде ешкім болмаған.

Полиция құлыпты кім бұзғанын әзірге анықтай алмаған. Себебі, саусақ іздері қалмаған.

Ал Марко Верраттидің нақты қанша шығынға батқаны белгісіз. Алдын ала болжам бойынша футболшыға келтірілген залал көлемі 3 млн еуроны құрайды.

Қазір полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, өткен маусымда Марко Верратти "ПСЖ" сапында 32 матчқа қатысып, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Жартылай қорғаушының париждік клубпен келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1976228-psz-nyn-zartylai-qorgausysyn-ibica-aralynda-tonap-ketti/

pixel