Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатынан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

Бокстан Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан "Elorda Cup" халықаралық турнирінде қазақстандық екі боксшы жеңіске жетті. Екеуі де былтырғы әлем чемпионатында топ жарған боксшылар, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде былтырғы әлем чемпионы, қазақстандық Теміртас Жүсіпов топ жарды. Ол ақтық айқаста өзбекстандық Асылбек Джалиловті 4:1 есебімен ұтқан. Айта кетелік, Теміртас 2021 жылы өткен бокстан әлемдік сында 33 жасында чемпион атанған болатын.

Сонымен қатар 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосынов жеңіске жетті. Бибосынов финалда кубалық Алехандро Кларо Физді айқын басымдықпен тізе бүктірді. Бұл Сәкеннің Белградтағы әлем чемпионатынан кейін ұтқан алғашқы жарысы.

"Елорда кубогі" турнирі алғаш рет ұйымдастырылуда. Қазақстандық боксшылар тек бір салмақта ғана финалға шыға алған жоқ. Отандық былғары қолғап шеберлері 75 келіде қола жүлдегер атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1976863-saken-bibosynov-alem-cempionatynan-keiin-algasqy-zenisine-qol-zetkizdi/

pixel