Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: ПСЖ клубының жаңа бас бапкері тағайындалды (фото)

Опубликовано:

Футбол
Көрнекі фото: pixabay.com

Париждік "Пари Сен-Жермен" футбол клубының бас бапкері қызметіне Кристоф Гальте келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты "Пари Сен-Жермен" футбол клубы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

Белгілі болғандай, Кристоф Гальтье "Пари Сен-Жермен" клубымен 2024 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін париждік ұжымның жаңа жаттықтырушысы бұған дейін "Лилль" (Франция чемпионатын жеңіп алды-2020/21) және "Сент-Этьен" клубтарын (Франция лигасының кубогын жеңіп алды-2012/13) жаттықтырған.

Ал "Пари Сен-Жерменді" осыған дейін аргентиналық маман Маурисио Почеттино жаттықтырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1977119-resmi-psz-klubynyn-zana-bas-bapkeri-tagaiyndaldy-foto/

pixel