Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин 15-орында: Әлемдегі үздік 50 боксшының рейтингі жаңартылды

Опубликовано:

Боксшы Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Frederic J. Brown/AFP/Getty Images

World Boxing News басылымы салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound), әлемдегі үздік 50 боксшының тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның мәліметінше, үздік үштік өзгеріссіз қалған. Көш басында әдеттегідей украиналық боксшы Александр Усик, екінші орында жапон боксшысы Наоя Иноуэ және үшінші орында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес тұр.

Айта кетейік, әлемдегі үздік 50 боксшының қатарына Қазақстаннан Геннадий Головкин ғана енген және ол рейтингтегі 15-ші орнын сақтап қалған.

Сонымен World Boxing News ұсынған үздік 15 боксшының тізімі төмендегідей:

  • 1. Александр Усик (Украина)
  • 2. Наоя Иноуэ (Жапония)
  • 3. Сауль "Канело" Альварес (Мексика)
  • 4. Эррол Спенс (АҚШ)
  • 5. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания)
  • 6. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
  • 7. Дмитрий Бивол (Ресей)
  • 8. Дэвин Хейни (АҚШ)
  • 9. Джермелл Чарло (АҚШ)
  • 10. Роман Гонсалес (Никарагуа)
  • 11. Джервонта Дэвис (АҚШ)
  • 12. Василий Ломаченко (Украина)
  • 13. Хуан Эстрада (Мексика)
  • 14. Шакур Стивенсон (АҚШ)
  • 15. Геннадий Головкин (Қазақстан).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1977855-golovkin-15-orynda-alemdegi-uzdik-50-bokssynyn-reitingi-zanartyldy/

pixel