Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Wimbledon: 2022 жылдың барлық жеңімпаздары

Опубликовано:

Wimbledon
Фото: Parimatch Kazakhstan

Өткен жексенбіде Лондонда биылғы жылдың ең маңызды теннис турнирлерінің бірі – қызыққа толы Wimbledon аяқталды.

23 жастағы Елена Рыбакина Үлкен Дулыға турнирінің титулын жеңіп алған алғашқы Қазақстандық теннисші ретінде тарихта қалатын болды. Сонымен қатар Елена Қазақстан Теннис федерациясының сыйлығынан бас тартып, жүлделердің бір бөлігін Қазақстандағы балалар теннисін қолдауға және дамытуға беру туралы шешім қабылдады.

Новак Джокович тағы да чемпион атағын қорғады. Аты аңызға айналған теннисші үшін бұл Wimbledon мансабындағы жетінші және қатарынан төртінші жеңісі болды. Алайда жеңіске қарамастан, Джокович КТА әлемдік рейтингінің 7-ші қатарына түсті.

Жыл сайын әйелдер мен ерлер турнирі жанкүйерлердің ерекше назарына ілігеді, бірақ Wimbledon-ды тек жеке разрядтағы матчтар деп қабылдамау керектігін атап өту қажет.

Төрт сағатқа созылған финалдық матчта ерлер арасындағы жұптық разрядтың чемпиондары атағын австралиялық тандем Макс Перселл мен Мэттью Эбден иеленді. Бұл жұптың жетістігі әсерге толы, өйткені жарыстағы таңдаулылар арасында №17 бола тұра, Перселл мен Эбден турнирде №1 және №2 деп танылған спортшылармен жеңіс үшін таласқан.

Чех теннисшілері Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова күнтізбелік Алтын Үлкен дулыға иегері болуға бір қадам жақын болды. Ролан Гарростағы былтырғы жеңісіне және австралиялық турнирдің титулына қыздар Wimbledon-дағы жеңісін қосты, енді оларда жабылмаған бір гештальт қалды, ол – US Open.

Аралас разряд титулының иегерлері Нил Скупски (Ұлыбритания) және Дезире Кравчик (АҚШ) болды. Олар жетістікке жете алмаған Мэттью Эбден мен Саманта Стосурды басып озды.

Жарыс аясында Ұлыбританияның ашық чемпионатының жұптық разрядты ардагерлер турнирі – Legends Invitational Doubles өткізілді, оған мансабын аяқтаған ойыншылар қатысты.

Әйелдер турнирінің жеңімпаздары Ким Клейстерс (Бельгия) және Мартина Хингис (Швеция) болды.

Ерлер торын американдықтар Боб Брайан мен Майк Брайан басқарды.

Аралас жарыста Серб-Француз дуэті – Ненад Зимонич пен Мэрион Бартоли чемпион атанды.

Үлкен дулыға турнирлерінің бір ерекшелігі - арбадағы жарыстар. Арбадағы Теннис паралимпиадалық спорт түріне жатады, ережелердегі жалғыз айырмашылық - ойыншы корттың бетінен екінші рет секіргеннен кейін допты ұра алады.

Ерлер арасында паралимпиада чемпионы, әлемнің 1-ракеткасы, Синго Куниеда (Жапония) жеңімпаз атанды.

Нидерландыдан келген теннисші Дидье де Гроот Үлкен дулыға жарыстары олжаларының қоржынына тағы бір титулды қосты.

Жұптық сында ерлер арасында голландиялық Сэм Шредер мен Нилс Винк, әйелдер арасында – жапониялық-америкалық дуэт, Юи Камидзи-Дана Мэтьюсон жеңімпаз атанды.

Кез келген үлкен спорт жас спортшылардан басталады. Wimbledon жас теннисшілерге өздерін көрсетуге тамаша мүмкіндік береді.

Осы жылғы жеке разрядтағы чемпиондық титулдарды хорватиялық спортшы Мили Полигон (17 жас), америкалық Лив Ховде (16 жас) алды.

Жасөспірімдер арасындағы жұптық разрядтың жеңімпаздары америкалық дуэт, Алекс Микельсен және Себастьян Грозный, қыздар арасында Роуз Мари Ниджкамп (Нидерланды) және Анджела Окутои (Кения) болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1978088-wimbledon-2022-zyldyn-barlyq-zenimpazdary/

pixel