Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ дзюдошысы Мағжан Шамшадин Загребтегі Гран-при турнирінде топ жарды

Опубликовано:

Мағжан Шамшадин Загребтегі Гран-при турнирінде жеңіске жетті
Мағжан Шамшадин. Фото: ijf.org

Бүгін Хорватия астанасы Загребте дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі басталып, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

60 келіде сынға түскен Мағжан Шамшадин өз тобында Куба, Америка, Испания және Түркменстан балуандарын жеңіп, жартылай финалға шықты.

Финал жолдамасы үшін таласта қазақстандық балуан франциялық Максим мерлинді ұтты. Ал ақтық сында Оңтүстік Корея өкілі, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері Ким Вон Джиннен басым түсті.

Шешуші айқаста балуандар бір-бірінің осал тұсын таппады. Тек жекпе-жек соңына қарай Мағжанның қарсыласы үшінші ескертуін алып, жеңіс қазақстандық дзюдошыға берілді.

Бұл салмақта сынға түскен тағы бір спортшымыз Нұрдәулет Аманқосов екінші белдесуінде ұтылып қалды. Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов 66 келіде бақ сынап, жұбаныш белдесуінде Нидерланд балуанына жол берді.

Загребтегі Гран-при турнирі 17 шілдеге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1978778-qazaq-dzyudosysy-magzan-samsadin-zagrebtegi-gran-pri-turnirinde-top-zardy/

pixel