Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі ММА шебері Хабиб Нурмогамедов Ақтау қаласына ұшып келді (видео)

Опубликовано:

Хабиб Нурмогамедов Ақтауға келді
Хабиб Нурмогамедов: prosports.kz

Бұрынғы UFC чемпионы, ережесіз жекпе-жек шебері Хабиб Нурмогамедов Ақтауға ұшып келді, деп хабарлайды Lada.kz.

Қазақстанға кезекті реті жолы түсетінін Хабиб алдын-ала мәлімдеген болатын.

"Салам-алейкум, Қазақстан! Баршаңызға сәлем! Біз қайтадан сіздерге қонаққа келдік. Бұл жолы 16 шілде күні Eagle FC және Naiza FC-ның бірлескен турнирі өтетін Каспий жағасына ат басын тіредік. Жақында сол жақта көрісеміз, көптеген қызық күтіп тұр. Титулды жекпе-жектер де бар. Бәріңізге сәттілік!", - деді Хабиб.

Жергілікті Lada.kz сайты әйгілі спортшының Ақтауға келген сәтінен видео жариялады. Даңқты ММА шеберіне ұйымдастырушылар қымыз ұсынып, дастархан жайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1978781-aigili-mma-seberi-xabib-nurmogamedov-aqtau-qalasyna-usyp-keldi-video/

pixel