Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Мұхаммед Әлидің белдігі 6 миллион долларға сатылды (видео)

Опубликовано:

Мұхаммед Әлидің белбеуі 6 миллион долларға сатылды
Скриншот: 24.kz // YouTube

Әлемдік бокс тарихындағы ең танымал бокшы Мұхаммед Әлидің белдігі аукционның алғашқы минуттарында-ақ 6 миллион долларға сатылып кетті, деп хабарлайды "Хабар 24".

WBC нұсқасы бойынша аңызға айналған спорттық атрибутты Мұхаммед Әли 1974 жылғы ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін алған еді. Сол кезде боксшының қарсыласы Джордж Форман болған.

Сонымен қатар Мұхаммед Әлидің "ғасыр жекпе-жегі" атанып кеткен америкалық Джо Фрейзерге қарсы жұдырықтасуға шыққан кезде киген мантиясы да сатылымға шығарылды.

Айта кетейік, Мұхаммед Әли бокстан бірнеше дүркін әлем чемпионы. Ол кәсіби мансабында 61 жекпе-жек өткізіп, 56 мәрте жеңіске жеткен. Оның 37-де қарсыласын нокаутқа түсірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1980061-aigili-muxammed-alidin-beldigi-6-million-dollarga-satyldy-video/

pixel