Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық "Тобыл" конференциялар лигасында гибралтарлық командадан басым түсті (фото, видео)

Опубликовано:

"Тобыл"
Фото: lincolnredimpsfc.co.uk

Гибралтарлық "Линкольн Ред Импс" және қостанайлық "Тобыл" командалары 2022 жылғы 26 шілде күні футбол матчында кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

UEFА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі "Линкольн Ред Импс" пен "Тобыл" арасындағы қарымта матч "Тобыл" командасының пайдасына 0:1 есебімен аяқталды.

"Тобыл" матчы
Фото: lincolnredimpsfc.co.uk

"Тобыл" командасы ойынның 31-минутында есеп ашты. Голды Зоран Тошич соқты.

"Тобыл"
Фото: lincolnredimpsfc.co.uk

Матчтың қорытынды есебі – "Тобыл" командасының пайдасына 0:1.

"Тобыл"
Фото: lincolnredimpsfc.co.uk

Еске салайық, бірінші матчта да қостанайлық клуб 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Голдарды Айбар Жақсылықов (65-минут) пен Жарко Томашевич (90+1) соқты.

Осылайша, "Тобыл" Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты, алдағы уақытта оған "Тирана" (Албания) / "Зринйски" (Босния және Герцеговина) кездесуінде жеңіске жеткен команда қарсылас болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1980309-qostanailyq-tobyl-konferenciyalar-ligasynda-linkoln-red-imps-ten-basym-tusti-foto-video/

pixel