Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан Италиядағы әлем чемпионатында топ жарды

Опубликовано:

Камил Куруглиев күрестен әлем чемпионы атанды
Камил Куруглиев. Фото: uww.org

Италияның Рим қаласында өткен күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Камил Куруглиев чемпион атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Камил финалда венгриялық Муса Арсукановты 11:0 есебімен жеңді.

Куруглиев жарыс кезінде Түркия, Үндістан және АҚШ балуандарын ұтқан.

Айта кетелік, бұл Қазақстан командасының аталған әлем чемпионатындағы екінші алтын медалі. Бұған дейін 55 келі салмақта Дарын Әскербек жеңіске жетіп, еліміздің әнұранын шырқатқан болатын.

Грек-рим күресінен ел намысын қорғаған балуандар екі қоламен шектелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1981063-qazaqstandyq-baluan-italiyadagy-alem-cempionatynda-top-zardy/

pixel