Әлем чемпионы атанған маңғыстаулық балуан жас спортшыларға 1 миллион теңгенің кілемін әперді

Опубликовано:

Камил Куруглиев күрестен әлем чемпионы атанды
Камил Куруглиев. Фото: uww.org

Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Камил Куруглиев өзіне сыйға берілген 1 миллион теңгені қайда жұмсағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

92 келіде жеңіске жеткен балуанға спорт жанашыры Ерлан Қожасбай 1 миллион теңге сыйақы тағайындаған болатын.

Камил бұл қаражатты Маңғыстау облысы Қызылсай ауылындағы жас балуандарға күресетін кілем әперуге жұмсады.

Жанкүйерлер балуанның бұл әрекетіне алғысын жаудыруда.

Айта кетелік, әлем чемпионатында қазақстандықтар екі алтын жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1982070-alem-cempiony-atangan-mangystaulyq-baluan-zas-sportsylarga-1-million-tengenin-kilemin-aperdi/

jitsu gif