Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадридтік "Реал" UEFA Суперкубогының жеңімпазы атанды (фото, видео)

Опубликовано:

Карим Бензема
Бензема. Фото: John Berry/Getty Images

Мадридтік "Реал" UEFA Суперкубогының жеңімпазы атанды. Корольдік клуб германиялық "Айнтрахттан" 2:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Суперкубок матчы Финляндияның Хельсинки қаласында өтті.

Тартысты өткен матчта есепті 37-минутта "Реал" қорғаушысы Давид Алаба ашты. Екінші таймда (65 минут) корольдік ұжымның шабуылшысы Кәрім Бензема гол соғып, кездесудің нүктесін қойды. Франциялық сұрмергенге Винисиус Жуниор нәтижелі пас берді.

Осылайша, мадридтік клуб UEFA Суперкубогының жеңімпазы атанды. Бұл жүлдені "Реал" тарихта бесінші рет алып отыр.

Айта кетейік, "Барселона" мен "Милан" да - UEFA Суперкубогының бес дүркін жеңімпаздары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1982676-madridtik-real-europa-superkubogynyn-zenimpazy-atandy-foto-video/

pixel