Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Юнайтед" - "Ливерпуль". "Қызыл сайтандар" жеңіске жетеді деп ойлайсыз ба

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

Сейсенбі, 23 тамызда футбол жанкүйерлері асыға күтетін матч өтеді. Аты аңызға айналған "Олд Траффорд" стадионында ойынға әртүрлі дайындықпен, бір-біріне дес бермейтін екі қарсылас "Манчестер Юнайтед" және "Ливерпуль" кездеседі. "Ливерпуль" соңғы 4 жылда тек ағылшын футболының ғана емес, сонымен қатар әлемдік футболдың да көшбасшыларының бірі болып табылады.

"Юнайтед" қайта құруды қолға алып, жаңа маман – голландиялық Эрик Тен Хагты қатарына шақырды, ал ол өз кезегінде өзінің командасын қалыптастыруды бастап кетті. Эрик бұған дейін Амстердам "Аяксында" бірге ойнаған әріптесі аргентиналық Лисандро Мартинеске, жүрегі тоқтағаннан кейін футболға қайта оралған Кристиан Эриксенге, сол жақ қорғаушы Фейнорд Маласияға ұсыныс жасап үлгерді. "Юнайтед" өзінің ұзаққа созылған құлдырауынан кейін жаңа тарауды бастамақ. Жанкүйерлер Тен Хагтың командаға қандай өзгерістер енгізетіндігін білгісі келеді және "Юнайтедтің" ағылшын футболының шыңына орала ала ма, жоқ па, соған алаңдаулы.

Ал "Ливерпуль" соңғы жылдардағы көшбасшыларының бірі "Баварияға" ауысқан Садио Манеден айырылды. Дегенмен, Юрген Клопп оның орнына тез арада алмастырушыны тауып, өткен маусымдағы жаңалықтардың бірі Бенфикадан шыққан уругвайлық Дарвин Нуньеспен сомасы 100 миллионға жуық шартқа қол қойды.

"Ливерпуль" қайтадан жаңа маусымның жеңіске үміткерінің бірі болады. Жанкүйерлер "Манчестер Юнайтед" ливерпульдықтарға қарсы қандай ойынды жүргізетінін асыға күтуде. Қалай болғанда да, бізді әсерлі текетірес күтіп тұр деп айтуға болады.

Parimatch коэффициенттері:

Ж1 - 5.10, Х - 4.30, Ж2 - 1.64

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1984303-mancester-yunaited-liverpul-qyzyl-saitandar-zeniske-zetedi-dep-oilaisyz-ba/

pixel