Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонмен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: instagram.com/shavkattrakhmonov94

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы бұрын UFC титулына үміткер болған жартылай орта салмақтағы Стивен Томпсон болуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Басылымның хабарлауынша, бұл туралы спорт сарапшысы Ариэль Хельвани мәлім еткен.

Бұған дейін Томпсон келесі жекпе-жегін 12 қарашада Нью-Йорктегі UFC 281 турнирінде Кевин Холландқа қарсы өткізетіні хабарланған, бірақ бұл ақпарат расталмады.

Еске сала кетейік, биыл маусым айында Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде америкалық Нил Мэгниді екінші раундта жеңді. Ал Стивен Томпсон қатарынан екі жекпе-жекте жеңіліп қалған.

Қазір Стивен Томпсон мен Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде сәйкесінше жетінші және он бірінші орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1984534-savkat-raxmonov-stiven-tompsonmen-zekpe-zek-otkizui-mumkin/

pixel