Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беттингтегі коэффициенттер туралы ең көп тараған жалған ақпарат қандай

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch Kazakhstan

Букмекер компанияларының жаңа ойыншылары ең біріншіден коэффициентпен танысады. Бәрі оңай көрінгенмен бұл жұмбақ сандардың айналасында қауесет көп. Parimatch-пен бірге "кэффтер" дегеніміз не және олар туралы ғаламтор кеңістігінде қандай жалған ақпарат бар екендігін анықтаймыз.

Беттингтегі коэффициенттер нені білдіреді?

Коэффициенттер оқиғаның белгілі бір нәтижесін жүзеге асыру ықтималдығын көрсетеді. Олар үшін тігілген ұтыстың сомасын букмекер белгілеген "кэффке" көбейту арқылы ықтимал ұтыс есептеледі.

Беттингтік компаниялар коэффициенттерді ішкі талдаушылар немесе спорттық аналитикаға мамандандырылған агенттіктер арқылы есептейді. Олар, өз кезегінде, алдағы оқиға туралы ақпаратты мұқият зерттеп, нәтижеге әсер ететін факторларды атап өтіп, кейіннен сандық мәнге аударылатын болжамдарды ұсынады.

Ойыншылар жеңіске жету үшін не, кімге және қанша сомаға ұтыс тігу керектігі туралы шешім қабылдамас бұрын, ең алдымен, коэффициенттерге назар аударатынын айта кету керек.

№1 миф. Төмен коэффициенттер жеңіске кепілдік береді

Осындай тәсілді негізінен тәжірибесі жоқ жаңа ойыншылар басшылыққа алып ойнайды. Әдетте фаворитке қойылатын коэффициенттер аз болады, сондықтан көбінесе төмен "кэффті" жеңіл ұтыс деп қабылдайды. Шынымен ұтып алу мүмкіндігі көбірек болғанымен, ұтылып қалмау дегенді білдірмейді. Мұндай стратегиядағы басты қауіп - бұл үлкен соманы қоюға немесе төмен коэффициенттері бар бірнеше оқиғадан экспресс жинауға болады деген қате ой. Андердогтар кенеттен алға шығуы, ал фавориттер ойдағыдай жеңіске жете алмауы мүмкін, қорытындысында қойған экспресс ұтыссыз қалып, ойдағы ұтыстың орнына шығынға батып кетесіз.

№2 миф. Күрт төмендеген коэффициент – келісілген матч белгісі

Коэффициенттер оқиғаның аяғына дейін әр түрлі себептерге байланысты құбылып тұрады. Букмеркерлер кез келген өзгерістерді бақылап, оларға өзгерістер енгізеді. Мысалға, команданың бас шабуылшысы матчқа бір күн қалғанда жарақат алады да алаңға шыға алмайды, сол уақытта бапкер тәуекелге бел буып қиын тактиканы қолдануды шешеді. Ондай жағдайда, талдаушылар қарсыластардың мүмкіндіктерін қайта қарастырып, жаңартылған котировка береді. Сол сияқты, бірнеше ойыншы қомақты соманы белгілі бір нәтижеге бірдей ұтыс тіккен кезде "кэфф" төмендеуі мүмкін. Бұл жағдай букмеркердің инсайдерлік ақпараты дегенді білдірмейді. Қалай болғанымен жоғарыда айтылғандай, көптеген ойыншы шотына оңай қомақты ақша толтыру үшін фавориттеріне ұтыс тігеді, ал беттинг-компанияларының мақсаты тепе-теңдікті қалпына келтіру екендігін ұмытпауымыз керек.

№3 миф. Букмекерлер лайф ұтыс тігулерінде коэффициенттерге амал жасайды

Дәл қазір жүріп жатқан спорттық оқиғаларды арнайы мамандар (трейдерлер) бақылайды, олар өздерінің қорытындыларында статистикалық мәліметтерді негізге алады. Төменгі лиганың матчтары, серіктестік матчтары және онша танымал емес спорт түрлерінде мәліметтер кейде аз болады. Ондай жағдайда, трейдер нарыққа немесе өзінің эксперттік шешіміне сүйеніп, шешім қабылдайды. Қалай болғанда да адам қателігі де кетіп жатады. Лайф оқиғаларының көптігінен трейдерлер де қателеседі, кей сәттерді байқамай немесе болмайтын жердегі шешуші факторды ескермей қалады. Лайфтағы коэффициенттер букмекердің жеке қалауымен емес, оқиғаның дамуына байланысты мүмкін болатын қорытындыларын барынша дәл келтіріп көрсетуге тырысқан мамандардың тыңғылықты жұмысы қорытындысымен өзгереді.

Қорытынды

Беттинг-компаниялар коэффициенттерді оқиғаның қандай да бір мүмкін болатын қорытындысына талдау жүргізу арқылы есептейді. Солай бола тұра, "кэффтер" - қатып қалған сандар емес, олар матч немесе ойыншылардың белсенділігі туралы жаңа ақпарат түскен сайын өзгеріп отырады. Тез көтеріліп түсетін коэффициенттер туралы қауесеттер, букмекердің ойынды әділ және теңдестірілген етіп сақтауы үшін деген ниеті деп түсінгеніңіз абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1984799-bettingtegi-koefficientter-turaly-en-kop-taragan-zalgan-aqparat-qandai/

pixel