Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласы белгілі болды

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Жалғас Жұмағұлов. Фото: Instagram/zhumagulov_zhalgas

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов 19 қарашада UFC-дегі келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Спорт Шредингера" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық файтердің бұл жолғы қарсыласы - 31 жастағы америкалық Чарльз Джонсон.

Джонсон UFC-де биылғы жылдың 23 шілдесінде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіліп қалған болатын. Ол октагонда британдық файтер Мұхаммед Мокаевпен кездескен еді.

Әлемдегі ең үздік лигаға дейін Чарльз Джонсон LFA аймақтық ұйымының белбеуін үш рет иеленген, база бойынша ол - боксшы.

Ал Джонсонға қарсы жекпе-жек Жұмағұловтың UFC-дегі алтыншы кездесуі болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін жартылай орта салмақтағы Стивен Томпсонқа қарсы өткізуі мүмкін екенін хабаралаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1984847-zalgas-zumagulovtyn-ufc-zekpe-zegindegi-kelesi-qarsylasy-belgili-boldy/

pixel